|
05.02.2023 | 11:27
3566

32 жастағы әйел баласын сату үшін БҚО-дан Атырауға келген

Бала сатып алғысы келген екі адамды тапқан

32 жастағы әйел баласын сату үшін БҚО-дан Атырауға келген avatarko.ru

Атырауда 32 жастағы әйел баласын сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, күдікті әйел Батыс Қазақстан облысынан келген. Жасы – 32-де.

Күдікті кішкентай нәрестесін сатып алатын адам іздеген. Ал, әкесіне баланың қайтыс болғанын айтқан.

Сөйтіп, бала сатып алғысы келген екі адамды тапқан. Көбірек ақша ұсынған адамға баласын ұстатып жіберген.

«Қазір күдікті әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті әйел мен баласына сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Бала сатуға байланысты куәгерлерден жауап алынды»,– деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда әкесі ұрып-соғып, намаз оқуға мәжбүрлеген 11 жасар қыз полицияға жүгінгенін жазған болатынбыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир