|
15.04.2022 | 11:12
737

Қызылордада 20 жастағы жігіт мұнай сақтайтын ыдысқа құлап, көз жұмды

Ол мұнай өндіру операторы болып жұмыс істеген

Қызылордада 20 жастағы жігіт мұнай сақтайтын ыдысқа құлап, көз жұмды elements.envato.com

Қызылордада Кеңлік мұнай кен орнында 20 жастағы мұнай өндіру операторы мұнай сақтайтын ыдысқа түсіп кетіп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жергілікті мұнай компаниясының өндірістік алаңында болған. Ал мерт болған адам сол компанияда мұнай өндіру операторы болып жұмыс істеген.

"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі ("Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу") бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды", - деп қосты полицейлер.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир