Таразда атыс болып, екі адам жараланды
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінінен алынған сурет
Атыс болған жерде қазір мән-жайды анықтау үшін жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Таразда атыс болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
"25 ақпанда сағат 22.30 шамасында "102" пультіне Абай даңғылында орналасқан "Discovery" дәмханасында белгісіз адамдар арасында атыс болғаны туралы хабарлама түсті. Екі адам ауруханаға жеткізілді", - деді Жамбыл облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына полицияның кезекші жасағы мен патрульдік полицейлер жіберілген. Атыс болған жерде қазір мән-жайды анықтау үшін жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05