Атырау тұрғыны үш қой ұрлағаны үшін 5 жылға сотталды

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы Жылыой ауданында тұрғын 3 қой ұрлағаны үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында мал ұрлағаны үшін айыпталған Л.К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 188-1 бабының 3-бөлігінің 2-тармағы).

Ол 2023 жылдың желтоқсанында көршісінің үйіндегі мал қорадан 3 бас қойды ұрлап, Құлсары қаласындағы азық-түлік дүкенінің біріне барып, азамат Е.Р.-ға қойларды арзан бағаға сатқан.

ҚК-тің 188-1 бабының 3-бөлігінің 2-тармағының санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сот үкімімен Л.К. кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Новости партнеров