Заңсыз тауардың жалпы саны 15 000 темекі қорабын құраған
Қазақстан шекарашылары Солтүстік Қазақстан облысындағы «Жаңа жол» автомобиль пунктінде елімізге темекінің ірі партиясын кіргізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңсыз тауардың жалпы саны 15 000 темекі қорабын құраған.
Ұйымдастырушылар темекі қораптарын «СDEK» пошта компаниясы жүгінің астына жасырып алып өтпек болған.
«Темекі өніміне тиісті құжаттар мен акциз маркалары болмады. Ұсталған темекі партиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды», - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, акциз маркалары жоқ темекіні өткізуге оқталғандардың бұған дейін де аталмыш өткізу пунктінде бірнеше мәрте жолы кесілген.