«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалының директоры мен жиырмадан астам қызметкерін полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Олар ормандағы ағашты заңсыз кесіп сатқан. Сондай-ақ пара алды деген күдікке ілінді.
«2024 жылдың 9 шілдесінде Абай облысының аумағында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалының директоры басшы болды деген қылмыстық топ ұсталды. Орман ағашын заңсыз кесіп, заңсыз сатты деген күдікпен полицияға жиырмадан астам адам жеткізілді. Тінту өтіп, ұрланған ағаш, ағаш кесетін станок, ақша және құжаттар тәркіленді. Филиал директоры мен қылмысқа қатысы бар деген күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Қазір осы ұсталған азаматтардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тергеліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов Алматы қаласын сумен қамтамасыз ететін резервтік жүйе салу барысын тексерді