Шымкентте 53 көлік заңсыз тіркеуден өткізілген

Әсет Құндақбаев
Әсет Құндақбаев
Қазіргі уақытта ІІМ Ішкі қауіпсіздік басқармасы аталған деректер бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Шымкентте көрші елдерден әкелінген автокөліктерді кедендік төлем, ультиалым және мемлекеттік баж төлемей тіркеудің жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, процессинг орталығының екі қызметкері сот санкциясымен қамауға алынған. Шымкентте осы схема бойынша қазақстандық есепке қойылған 53 автокөліктен мемлекетке 320 миллион теңгеден аса сомаға залал келтірілген.

"Ішкі істер министрлігі құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға ықпал еткен себеп пен жағдайды жою бойынша алдын алу шараларын іске асырып жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкенттегі ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жақын шетелден кедендік төлемдерді, кәдеге жарату алымын және мемлекеттік бажды төлемей әкелінген көлік құралдарын Қазақстан Республикасында заңсыз есепке қою схемасының жолын кесті", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ІІМ Ішкі қауіпсіздік басқармасы жеті облыста соңғы үш жылда екі мыңнан аса көлік заңсыз тіркеліп, 10 миллиард теңгеден аса шығын келтірген деректер бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр.


Новости партнеров