Балқашта 84 келі балық аулаған браконьер ұсталды

polisia.kz
polisia.kz
400 метр балық аулайтын ау тәркіленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында әуеде тікұшақ көрген браконьер моторлы қайықпен қашпақ болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

3 қараша күні Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөлімі табиғатты қорғау бөлімшесінің қызметкерлері балық инспекциясы мамандарымен бірлесіп, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Шараға мамандар тікұшақты пайдаланып, Балқаш көлінің үстінен заңсыз балық аулаушыларды тексеру мақсатында ұшу жұмыстарын жүргізді. Сағат 19.30 шамасында Шұбар-Түбек ауылының тұсында моторлы қайықты байқаған. Қайықтағылар түкұшақты көре салсымен, қашпақ болған.

Полиция қызметкерлері олардың соңына түсіп, жағаға жеткенде 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қайыққа тексеріс жүргізу барысында 84 келі балық және 400 метр балық аулайтын ау тәркіленді. Табиғатқа келтірілген шығын 417 мың теңгені құрады.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Новости партнеров