Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Түменбаева алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
"20 желтоқсанда Талдықорған қалалық сотының үкімімен Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Түменбаева алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды", - делінген агенттік хабарламасында.
Туменбаева "Good Zhem" ЖШС басшысынан азаматтық іс бойынша оң шешім үшін 1,5 млн теңге алған.
Осы үкіммен Пак пара беруге оқталғаны үшін 4 жылға сотталды. Ол мемлекеттік қызметте және коммерциялық ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.