Жезқазғанда құрылыс нысанынан 11 миллион теңгенің құбырын ұрлағандар ұсталды
Polisia.kz
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жезқазғанда салынып жатқан нысанның аумағынан 11 миллион теңгенің металл пластикалық құбырларын ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Ұлытау аудандық Полиция департаментінің мәліметінше, салынып жатқан нысаннан белгісіз тұлғалар металл пластикалық құбырлар ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 11 миллион теңгеден асады.
«Жезқазған қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында металл құбырларды ұрлағанын мойындаған 32 және 37 жастағы Жезқазған қаласының екі жұмыссыз тұрғынын анықтады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, айғақты заттар тәркіленді», – делінген ведомствоның хабарламасында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31