Шымкентте есірткі таратумен айналысқан бір отбасының үш мүшесі сотталды

elements.envato.com
elements.envato.com
Қылмыстық іс сотқа жолданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сотталушылар есірткіге тапсырысты интернет арқылы қабылдаған. Содан сатып алушыларға дозалық есірткі орамаларын дайындап, қала аумағында жасырын орындарға қалдырып жүрген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бір отбасының 3 мүшесі мен олардың 2 серіктесін анықтады.

Тұрғылықты жерін тексеру кезінде есірткі заттары және оларды өлшеп-орауға арналған жабдықтар табылып, тәркіленді.

«Тергеу барысында полицейлер барлық дәлелдемелерді жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады. Отбасының 22 жастағы ұлы, яғни қылмысты ұйымдастырушы сот үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған 4 кінәлі тұлғаның әрқайсысы 16 жылға сотталды», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Алматыда автокөліктерден шығатын улы газ бен түтінін тексеру бойынша рейд жүргізілуде

Новости партнеров