Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде дүкен тонаған мародер Түркістан облысында ұсталды. Ол жергілікті ломбардтардың біріне бағалы заттарды өткізіп тұрған жерінен қолға түскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тергеу барысында жас жігіттің бұрын қарақшылық қылмысы үшін сотталғаны және Өскемен қаласының тұрғыны екені анықталды. Қазір күдікті уақытша қамауға алынып, онымен бірге ұрлыққа қатысқан досы іздестіріліп жатыр. Олар блок-бекеттердің алынып тасталғанын пайдаланып, Өскеменнен Түркістан қаласына жеткен.
«Оқиғадан кейін із жасыру мақсатында жас жігіттер Өскемен қаласына қайтып, қолды қылған телефонның 8шеуін сондағы ломбардқа өткізіп үлгерген. Қалған ұялы телефондарды Түркістан қаласына өткізуге келгенде ұсталды», - деді Полиция департаменті басшысының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.