Павлодарда 52 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ ұсталды
Depositphotos
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодарлық полицейлер 52 млн теңгеге алдаған екі алаяқтық фактісін ашты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Успен ауданында ер адам күнбағыс тұқымын жеткізіп беремін деп өзгенің 28 млн теңгесін алдап алып кеткен. Ал кейіннен пысықай жігіт РФ Барнаул қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың бірінің бидайын иемденіп алған. Жалпы шығын 24 млн теңгеден асқан.
«Жедел уәкілдер Павлодар қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Облыста осыған ұқсас жеті эпизод тіркелді», - делінген хабарламада.
Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.09.2026 20:15