|
03.04.2023 | 12:06
609

Петропавлда адам сатқандар ұсталды

19 жастағы бойжеткен жыныстық пайдалану мақсатында сатылған

Петропавлда адам сатқандар ұсталды Halyq Uni

ҚР Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

«Петропавл қаласында адам саудасымен және оларды пайдаланумен айналысқан Ақмола облысының тумасы ұсталды.Мәселен, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің интернет және әлеуметтік желілер арқылы материалдық жағдайы ауыр қыздарды, оның ішінде қолайсыз және толық емес отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандарды іздеумен айналысқаны анықталды», - деді ол.

Олар қылмыстық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қыздармен танысып, жұмыс іздеуге көмек көрсету сылтауымен алдау және сенімін пайдалану арқылы Петропавл қаласына шақырады.

«Қыздар келгеннен кейін оларға психологиялық қысым жасап, қарсылығын басып, қорқытып және физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, жыныстық қанау мен саудаға пайдаланған. Аталған схема бойынша күдікті Қостанай қаласының 19 жастағы тұрғынын жалдап, оны одан әрі қаладағы сауналар мен қонақ үйлерде жыныстық пайдалану үшін 250 мың теңгеге сатты. Бұл факт ҚК-нің 128-бабы 1-бөлігі-адам саудасы бойынша СДТБТ-да тіркелген. Қажетті көмек көрсету үшін жәбірленуші баспанаға орналастырылды», - деді Нұрмағамбетов.

Оқи отырыңыз: Ақтауда екі қызды көлік қағып кетті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир