Павлодарда ер адам ұялы телефон дүкенін 12 миллион теңгеге тонап кетті
polisia.kz
Ол 25 қымбат телефонды жымқырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодарда ер адам сатушыны қорқытып, 25 қымбат телефонды жымқырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар қаласында 22 желтоқсанда сағат 10.30 шамасында Қамзин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс салонында белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, қымбат 25 телефонды және 305 мың теңгеден астам ақшалай қаражатты иемденген.
Залалдың жалпы сомасы шамамен 12 млн теңгені құрады.
Полиция осы факті бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41