|
09.01.2023 | 12:13
391

Талдықорғанда ақбөкен мүйіздерін сатпақ болған ауыл тұрғыны ұсталды

Тінту кезінде 222 дана жануарлардың дериваттары бар екі жол сөмкесі тәркіленген

Талдықорғанда ақбөкен мүйіздерін сатпақ болған ауыл тұрғыны ұсталды дереккөзден

Талдықорғанда ақбөкен мүйізін сатпақ болған ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ІІМ-не сілтеме жасап.

8 қаңтарда күдікті полицейлердің, ҰҚК Шекара қызметінің және Ұлттық ұлан арнайы күштері қызметкерлерінің көмегімен ұсталған. Ақсу ауданының 32 жастағы тұрғыны ақбөкен мүйізін заңсыз сатпақ болған.

Тінту кезінде 222 дана жануарлардың дериваттары бар екі жол сөмкесі тәркіленген.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес жүргізіледі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу).

Ұсталған адам қамауға алынды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир