Ақмола облысында ұрланған алтын бұйымдарды қайта өңдейтін жасырын цех табылды

polisia.kz
polisia.kz
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұрлық фактісін тергеу барысында Ақмола облысының полицейлері Степногорск қаласынан кен өңдеу цехын тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

25 тамызда Степногорск қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғын белгісіз адамдарға қатысты шаралар қабылдау туралы арызбен жүгінді, олар 24 тамызға қараған түні кілтпен есікті ашып, әйелдің үйінен 793 400 теңге тұратын алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Бұрын бірнеше рет сотталған 47 жастағы жергілікті тұрғын УҰИ-ға қамалды.

Заттай дәлелдемелер – екі алтын алқа тәркіленді. Қаскүнем қалған алтын бұйымдарды ерітіп, аффинаж жасап, Степногорск қаласының тұрғынына тапсырғанын айтты.

Степногорск қаласы Полиция басқармасының, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Ақмола облысы ПД ЖҚАЖ қызметкерлерімен 27 қазан күні қалада 49 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Touareg автокөлігі тоқтатылды. Жеке тінту барысында ер адамнан 1 193 500 теңге және сары түсті ұнтақ заты бар екі пластикалық бөтелке тәркіленді.

Санкцияланған тінту барысында Ақсу кентіндегі шаруашылық құрылысынан екі ұсатқыш станок (шынжырлы және жұдырықшалы), бір жуғыш, құрамында алтын бар металл ванна, бір шойын ванна, құрамында алтын бар материал салынған 31 қап және электрондық таразы табылып, тәркіленді.

Ұсталғанның айтуынша, ол осы жылдың көктемінде кварц кенін өңдеу цехын ұйымдастырған.

Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша “Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы” сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Новости партнеров