Покер ойынханасын заңсыз ұйымдастырған топ 22,5 млн көлемінде кіріс алған

Sputnik
Sputnik
Астыртын казинода тек тексерілген клиенттерге кіруге мүмкіндік беретін жүйе орнатылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда монша кешенінде астыртын ойынхана қызметін ұйымдастырған топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Тергеу барысында 6 адам заңнамада белгіленген орындардан тыс жерде «Покер» ойынын ойнау үшін ашқан заңсыз ойын мекемесін ұйымдастырып, 22,5 млн.теңгеден астам аса ірі көлемде кіріс алғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде казинода ойыншы мен қызметкерлер болған, әртүрлі номиналдағы ойын фишкалар, карталары және т.б. қылмысты дәлелдейтін заттар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Агенттіктің мәлімдеуінше, астыртын казинода тек тексерілген клиенттерге кіруге мүмкіндік беретін жүйе орнатылды. Айыпталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Новости партнеров