Ақтөбе облысында жарты миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полицияға Ақтөбе тұрғыны бопсалау дерегі бойынша арызданған.
«Тергеп-тексеру барысында ауданның бірінде жәбірленушінің көлігі бұзылған кезде оған белгісіз адамдар келіп қорқытып, ұрып-соғу арқылы ақша талап еткені анықталды. Күдіктілер автокөліктен арнайы киімнің 13 жиынтығын алып кетіп, оларды қайтару үшін 500 мың теңге талап еткен», - деп хабарлады ПД.
Арнайы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен жедел іс-шараларды өткізу барысында Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Хромтау қаласының бес тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай айғақтар тәркіленді.
Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз: Оралда скутер жедел жәрдем көлігіне соғылып қалды