|
19.10.2020 | 12:27
2437

Алматыда әпкелі-сіңлі пирамидалық чат құрған

Қыздар әлеуметтік желілер арқылы қосымша табысқа мұқтаж қарапайым азаматтарды тауып, танысудан кейін оларға капиталды көбейту бойынша ойластырылған тізбекті ұсынған

Алматыда әпкелі-сіңлі пирамидалық чат құрған  polisia.kz

Алматыда пирамидалық чат ұйымдастырды деген күдікпен апалы-сіңлілі екі азаматша ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Апалы-сіңлілі екі азаматша  салымшылардың капиталын көбейтуді сылтауратып, әлеуметтік желіде қаржылық пирамида чатын құрып, соның салдарынан пирамида салымшылары қаржыларынан қағылған. 

«Біздің бөлімнің тергеу бөлімі ұзақ уақыт бойы whatsapp мессенджері арқылы қаржылық пирамида ұйымдастырып, азаматтарға салым салу жолымен қомақты пайда аласыңдар деп адастырған,  әпкелі-сіңлілі азаматшалардың жасаған алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр. Қыздар әлеуметтік желілер арқылы қосымша табысқа мұқтаж қарапайым азаматтарды тауып,  танысудан кейін оларға капиталды көбейту бойынша ойластырылған тізбекті ұсынған. Жәбірленушілермен сенімді қарым-қатынас орната отырып, олар ай сайын жоғары пайыздық мөлшерлеме алу арқылы пайда табу көзін ұсынған, анығырақ айтсақ, алғашқы салым 100 мың теңгені құрайды, бір айдан кейін олар ақшаны 150 мың теңге етіп қайтарып алу мүмкіндігі туралы айтқан. Алайда ақша аударымынан кейін ешкімге қаражат қайтарылмаған және пайыздар туралы әңгіме де болмаған. Күдікті екі азаматшаның әрекеттерінің салдарынан 76 адам зардап шеккен. Бұл полицияға арыз жазған азаматтардың саны ғана. Іс жүзінде қанша адам алданғаны белгісіз. Осы мақсатта жаңа қылмыстық эпизодтарды анықтау үшін күдіктілердің тұлғалары мен деректерін жария ету қажеттілігі туындап отыр. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша жүргізіліп жатыр», – деді Медеу ауданы Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев. 

Полиция қызметкерлері осы адамдардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Алматы қаласы Медеу ауданының Полиция басқармасына  254-48-02; 254-48-09 немесе 8-700-379-79-09 телефондары арқылы хабарласуға шақырады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир