Алматылықтардың үйін тонап жүрген шетелдік ұрылар ұсталды

Polisia.kz
Polisia.kz
Олар қамауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтардың үйін тонап жүрген ұры-гастролерлер тобы ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстықтық топтың құрамына Тәжікстан, Қырғызстанның тумалары мен жергілікті тұрғын кірген. Барлығы үш адам ұсталды.

«Басты рөлдерді 42 және 39 жастағы шетелдіктер өзара «бөліскен». Олар – орындаушылар. Тасымалдаумен Алматы облысының тұрғыны айналысқан. Ол – 35 жаста. Қаскөйлер әшкерелену қарсаңында Шоқай көшесінің бойында орналасқан жеке үйлердің бірін тонап кеткен. Құқық бұзушылардың бөтен адамның үйіне терезе арқылы кіргені анықталды. Олардың сол кездегі қылмыстық олжасы цифрлық, тұрмыстық техника, сонымен қатар үй иесінің жеке заттары болды. Ер адам келтірілген материалдық шығынды 45 мың теңгеге бағалаған», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Оның айтуынша, полицияның арнайы жасақтары мен Медеу аудандық полиция қызметкерлерінің көмегімен жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде «гастролерлер» ұсталды.

Бұл азаматтардың басқа да ұрлықтарға қатысы бары анықталып жатыр. Сонымен қатар, ұрланған мүлікті сату арнасы да іздестірілуде.

Ұсталғандар қамауға алынды.

Новости партнеров