Генерал-майор тергеу изоляторында көз жұмды

gov.kz
gov.kz
Дәрігерлер өлімге механикалық тұншығу себеп болды деген қорытынды жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарында полицияны басқарған генерал-майор Жайлаубек Халықұлы уақытша ұстау изоляторынан өлі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, күзетте тұрған бақылаушы Жайлаубек Халықұлын таңғы сағат 7:00 шамасында тауып алған. Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда тергеудегі кісіні құтқару мүмкін болмады.

Жедел жәрдем бригадасы оның механикалық тұншығу салдарынан қайтыс болғанын анықтады.

"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық қылмыстық атқару жүйесінің басшылығы келді. Ұсталған басқа тұлғалармен әңгіме жүргізілді. Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз әрекет фактісі анықталған жоқ", - деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта облыстық департамент қызметкерлері қызметтік тексеріс тағайындады. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылданады.

Еске сала кетейік, Жайлаубек Халықұлы биыл 23 мамырда ұсталған болатын. Ол қылмыстық істі тоқтатқаны үшін ақша мен мүлікті алаяқтық жолмен алды деген күдікке ілінді.

Халықұлы 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының ішкі істер департаменттерін басқарған.


Новости партнеров