Ақмола облысында қаржы пирамидасын құрған әйелге сот үкімі шықты

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Ол бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «River Coins Limited» қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұзақ уақыт бойы желілік маркетингпен айналысып келген Г.У. Оралбаеваның қаржылық пирамида жүйесі негізінде жеке тұлғалардан ақша тарту арқылы табыс табу мақсатында компания құруға бел буғаны анықталды.

«Оралбаеваның «River Coins Limited» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 2000-нан астам жеке тұлға тартылған, келтірілген шығын көлемі 18 миллион теңгеден асады», - делінген ведомство хабарламасында.

Сот Оралбаеваны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Новости партнеров