Жетісулық мұғалімдерге үстемақы төленбей келген

Almaty.tv
Almaty.tv
Кезекті тексеріс барысында облыс прокурорлары заң бұзылғанын анықтаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісулық мұғалімдер бірнеше жыл бойы өздеріне тиесілі үстемақыдан қағылып келген. Ұстаздар арнайы тест тапсырып, біліктілігін дәлелдеп, «сарапшы», «зерттеуші», «шебер» сынды санатын алғанмен, мектеп басшылығы оларға тиісті қаражатты төлемеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақсу ауданындағы музыка пәнінің мұғалімі 2021 жылы аттестациядан өтіп, «оқытушы-зерттеуші» деген санатты алады. Осы біліктілігі үшін оның жалақысына ай сайын 68 мың теңге қосылуы керек. Бірақ ақша ұстазға жетпеген. Осы сынды облыс бойынша бас-аяғы 23 мұғалімнің құқығы бұзылған. Дегенмен құзырлы органдарға ресми шағым түспеген. Ал кезекті тексеріс барысында облыс прокурорлары заң бұзылғанын анықтаған.

– Қазіргі таңда қадағалау актісі бойынша мұғалімдерге  11 млн теңге төленді. Мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, яғни қатаң сөгіс жарияланды, – деді облыстық прокурордың көмекшісі Ләйлім Әбілмәжінова.

Новости партнеров