Алматы полициясы альфонс-алаяқты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары Астанада әйел адамдардың жүрегін жаулағыш алаяқты ұстады. Қаскөйдің кінәсінен 4 миллион теңгесін жоғалтқан жәбірленушілердің бірі қылмыскерді қолға түсіргені үшін полицияға шексіз алғысын білдірді. Бұл туралы ол өз алғыс хатында жазды.
Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты криминалды полиция бөлімінің бастығы Мақсат Қайратов пен оның қарамағындағылар күдіктіні 18 күн бойы іздеп, алаяқтың соңына түскен.
"Қашқынның орналасқан жерін анықтау үшін барлық озық IT-мүмкіндігін пайдаланған Алматы қалалық ПД КПБ "К" бөлімінің басшысы Игорь Пудовкинге және осы бөлімнің қызметкері Бақтияр Дүйсенге ерекше алғысымды білдіремін. Қайратов жүргізген осы шаралардың арқасында күдікті ұсталды", – деді ол.