Алматы полициясы жалған композиторды ұстады

polisia.kz
polisia.kz
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полициясы жалған композиторды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі хабарлағандай, 30 жастағы ер адам ұжымдық арызбен жүгінген бірқатар музыкантқа қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

– Азаматтардың арызынан белгілі болғандай, 30 жастағы Ы.есімді азамат өзін композитормын деп таныстырып, бөтен адамның туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатып жіберген. Күдікті ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, — деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов. 

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Новости партнеров