|
01.12.2023 | 12:51
311

ҰҚК шекараны бұзған 30-ға жуық шетелдікті ұстады

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеді

ҰҚК шекараны бұзған 30-ға жуық шетелдікті ұстады elements.envato.com

Көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2023 жылғы қарашада құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

шекара кеңістігінде 5 820 (жылдың басынан – 30 823) Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде:

  • 28 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды (11 қырғызстандық, 9 өзбекстандық, 7 пәкістандық, 1 ресейлік);
  • 19 шетел азаматының шекараны бұзу әрекетінің жолы кесілді (6 өзбекстандық, 4 ауғанстандық, 4 йемендік, 3 сириялық, 1 тәжікстандық, 1 Сьерра-Леоне азаматы).

Мемлекеттік шекара арқылы 858 соның ішінде:

  • 51 – есірткі заты;
  • 17 – ату қаруы мен оқ-дәрі (3 дана ату қаруы, 91 дана оқ-дәрі, 397 дана суық қару);
  • 18 – діни әдебиет (260 дана);
  • 360 – жалпы сомасы 26 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (55 400 литр);
  • 343 – жалпы сомасы 858 млн теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
  • 69 – жалпы сомасы 760 млн теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды.

Каспий акваториясында 26 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:

  • жалпы ұзындығы 17,3 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
  • 147 дана (638 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
  • 7 970 дана (11 543 кг) ұсақ тұқымдас балықтар.

Алды алынған залал сомасы 252 млн теңгені құрайды.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир