Павлодар облысында есірткі жеткізушіден 100 миллион теңгеге «синтетик» тәркіленді
Скриншот: МВД РК
Ұсталған азамат еліміздің оңтүстік өңірінің 24 жастағы тұрғыны болып шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодар облысында ірі есірткі жеткізушіден 100 миллион теңгеге «синтетик» тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
2021 жылы 12 наурызда сағат 09.35-те Павлодар қаласында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері ауқымды операция жүргізді. Нәтижесінде Павлодар қаласында орналасқан жасырын орнынан алынған бір келіден астам синтетикалық есірткі заттарын өткізу әрекеті кезінде есірткі курьері ұсталды.
«Ұсталған азамат еліміздің оңтүстік өңірінің 24 жастағы тұрғыны, Павлодар облысындағы ірі есірткі құралдарын жеткізушілердің бірі болып шықты», – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34