Өткен аптада 1900 қылмыс тіркелген

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен аптада еліміз бойынша 1900 қылмыс тіркеліп, оның 1173-і ашылған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бір апта ішінде 1972 қылмыс жасалды, оның 1173 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 35 тонау және 511 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ол ведомствоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде. 

Ведомствоның мәліметі бойынша, елде болатын көлік апатының бестен бірінде кәмелетке толмаған балалар зардап шегеді. Осыған байланысты ішкі істер органдары 25 сәуірден бастап жазғы демалысқа дайындық ретінде «Назар салыңыз, балалар» республикалық акциясын бастап отыр. Шара барысында білім беру мекемелерінің маңайындағы көшелер мен жолдардағы жол қозғалысын ұйымдастыруға арналған құралдардың жұмысы зерделенбек. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Жұманалиннің мәліметі бойынша, биыл елімізде балалардың қатысуымен 400-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ал Қарағанды облысы тұрғынының автокөлігінен 800-ге жуық киік мүйізі табылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы Әлішер Жармағамбетов хабарлады. Ол браконьердің уақытша қамауға алынғанын айтты.


Новости партнеров