Талдықорғанда бала күтуші 3 жасар баланы өлімші етіп сабады деген күдікке ілінді. Ал нәресте Жетісу облысының балалар ауруханасында көз жұмды. Бұл туралы сәбидің анасы Мәдина Тәукенова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Анасының видеосы angry_taldyk парақшасында жариялады.
Дәрігерлер сәбиге көптеген дене жарақаты түскен және миына қан құйылған деген диагноз қойған. Жарақат алған бала 12 қыркүйекте қайтыс болды, бірақ бұл туралы жексенбі күні ғана белгілі болды.
Сәбидің өліміне қатысы бар деген күдікпен бұрын балаға күтуші болған 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол алдымен уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін Талдықорған соты үйқамаққа алу туралы шешім шығарған.
Марқұм сәбидің анасы Мәдина Тәукенованың айтуынша, баспанасының жоқтығынан балалармен бірге бола алмай, оларды тәулік бойы жұмыс істейтін жеке үй балабақшаға берген. Ақы төлеуді кешіктірген, осы жағдай оның баласының қорлық көруіне әкеп соққан болуы мүмкін екен.
"Қарлығаш маған телефон соғып, баламның жағдайы нашар екенін айтты. Мен бірден Шығыс шағынауданындағы соларға келдім. Ол көгеріп, сөйлей алмай қалыпты. Мен одан не болғанын сұрадым, күтуші оның жуынатын бөлмеде құлап қалғанын айтты. Мен ұлымды ауруханаға апардым...", - деді анасы.
Мәдинаның өзі жеке үйдегі тәулік бойы жұмыс істейтін балабақша тәрбиешісіне 61 860 теңге қарыз болыпты. Қарызының кесірінен жекеменшік балабақшаның иесі Қарлығаш Мадинаның балаларын кепілге алған!
Мадина 102-ге хабарласуға қорыққан. Ол балаларын бейтаныс адамдарға қалдырғаны үшін жауапқа тартама деп сескенген көрінеді. Қазір тергеу Қылмыстық іздестіру бөлімінің 106-бабы бойынша жүргізіледі. Істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды.