Алматыда жол ережесін бұзған жеткіншекке жеті хаттама толтырылды
sportishka.com
Оның заңсыз әрекеті әлеуметтік желі арқылы белгілі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жол ережесін бұзған 19 жастағы жеткіншекке жеті хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның заңсыз әрекеті әлеуметтік желі арқылы белгілі болды. Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімі тексеру ұйымдастырды. 19 жастағы М.есімді азамат анықталды және ұсталды.
Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды:
- ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі – 5 хаттама (Жол белгілерінде белгіленген талаптарды сақтамау);
- ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі (Жол қозғалысына қатысушының төтенше жағдайдың туындауына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы);
- ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі (Маневр жасау ережелерін бұзу).
Сонымен қатар жүргізушімен алдағы уақытта жол ережесін бұзудың алдын алу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Дереккөз: ПД баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз: Түнгі ойран: 2 адам жарақат алды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
14.11.2026 09:11