Алматыдағы ПД ғимаратына лаңкестер бес тараптан шабуыл жасаған

Алматыдағы ПД ғимаратына лаңкестер бес тараптан шабуыл жасаған
Оқиғаға куәгері Ақтан Зайнолда болған жайт туралы айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қалалық полиция департаментінің ғимаратына лаңкестер 5 жақтан шабуыл жасаған. Оқиғаға куәгер болған басқарманың аға инспекторы Ақтан Зайнолда болған жайттың мән-жайын егжей тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар бұл операцияға алдын ала жоспармен дайындалғанын айтады. Себебі бірі алдыңғы есіктен келсе, енді бірі артқы есіктен көлікпен басып кірмек болыпты. Осылайша, полиция қызметкерлерін алдап, іштегі қару-жарақ қоймасына түспек болған.  

«Біздің ол кездегі міндетіміз – полиция департаментін қорғап қалу еді. Себебі департаментте қару-жарақ қоймасы бар. Ол лаңкестердің қолына өтетін болса, қаламыздың тұрғындарына зиян келетін еді», – деді Полиция департаменті арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының аға инспекторы Ақтан Зайнолда.

Тәртіп сақшылары бұл уақытта өз өмірін қатерге тікті, жеке қауіпсіздігін ойламады. Лаңкестерге төтеп беру кезінде қызметкерлердің ешқайсысы қаза болған жоқ.  

«Маған осы 3-пост жүктелді. Осы жақтан шабуылдарға тойтарыс беріп отырдық. Бізге қасымызға көмекке әріптестеріміз келді», – деді Полиция департаменті арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының аға инспекторы Ақтан Зайнолда.

Новости партнеров