Астаналық ару жігітін тонап кеткен

Фото: vzglyad.az
Фото: vzglyad.az
Бұл дерекке сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астаналық ару жігітін тонап кетті. Мұндай ақпарат  Нұр-Сұлтандағы Сарыарқа ауданының полиция басқармасына елорда тұрғынынан келіп түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жәбірленушінің ол сылқыммен жақында танысқаны белгілі болды. Ол бір күні кешке оны қыдырту үшін жігіт көлікпен келеді. Жігіт дүкенге шығып кеткенде күдікті салонда құны 110 мың теңге тұратын қымбат сымсыз құлаққапты байқап, оны ұрлап қашқан. Күдікті ұсталды. Ол 34 жастағы келіншек болып шықты. Белгілі болғандай, ол бұған дейін де осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін құқық қорғау органдарының назарына түскен», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бұл дерекке сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Новости партнеров