Бала өлімі: балабақша директоры мен тәрбиешісі үйқамаққа алынды

Almaty TV
Almaty TV

Атырауда 4 жастағы бала кәріз құдығына құлап кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда кәріз құдығына құлап, қайтыс болған баланың ісіне қатысты жаңа дерек пайда болды. Адам өлімімен аяқталған қайғылы жағдайға байланысты балабақшаның директоры мен тәрбиешісі үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір облыстық прокуратура «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, абайсызда баланың өліміне әкеп соқтыру» фактісі бойынша істі тергеп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 10 шілдеде Құрсай ауылындағы «Чебурашка» балабақшасында болған. Төрт жастағы бала түскі үзілістегі серуен кезінде ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен.

– Атырау қаласы прокуратурасының нұсқауымен балабақша директоры тәрбиешісі ұсталып, Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. 12 шілдедегі сотта оларға қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Балалардың құқығын қорғау прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыты болып табылады. Балалардың құқығын бұзу фактілері, оның ішінде оларға қарсы құқықбұзушылық жасау, облыс прокурорының ерекше бақылауында, – деді қалалық прокуратураның бөлім бастығы Берік Жанбаев.

Оқи отырыңыз: Грузияда адам өлтірмек болған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Новости партнеров