Бес жасар қыздың өлімі: күдіктіге қатысты бұрынғы сот шешімі қайта қаралады

Almaty.tv
Almaty.tv
Пробация қызметінің қызметкерлерін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында 5 жасар қызды айуандықпен өлтірді деген күдіктіге осыған дейін жасаған қылмысы үшін шартты жаза кескен соттың шешімі қайта қаралатын болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас прокуратура таратқан ақпарға сай, айып тағылған азамат 2006 жылы адам өлтіргені үшін 10 жылға түрмеге қамалған. Сонымен қатар биыл мамыр айында ауылдасын балталағаны үшін істі болып, сот оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындапты. Бас прокуратураны қызықтырғаны да дәл осы тұсы болса керек. Прокуратура кассациялық наразылық білдіріпті.

– Пробациялық бақылауда болған азамат аса ауыр қылмыс жасағанын ескере отырып, пробация қызметінің қызметкерлеріне қатысты салғырттық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, жеке адамға қарсы аса қауіпті қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер топтамасы әзірленуде, – деді ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Новости партнеров