Жамбыл облысында «Жас маман» жобасына бюджеттен бөлінген қомақты ақша жымқырылған

egemen.kz
egemen.kz
Жедел-тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында білім беру саласында 170 млн.теңгеден астам қаражатты жымқыру фактісі анықталды. Ол туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті хабарлады, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Дерек көзіне сүйенсек, «Жас маман» жобасына бюджеттен бөлінген қомақты ақша жымқырылған.  Жобаның мақсаты колледждер мен ЖОО неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шарасы, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижесі қылмыстық істі тексеру барысында шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге тыйым салынады», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.


Новости партнеров