|
01.05.2023 | 13:40
2915

Ақтөбеде қанды қылмыс жасаған адам изоляторда асылып қалған

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген

Ақтөбеде қанды қылмыс жасаған адам изоляторда асылып қалған Иллюстративное фото из открытых источников

Ақтөбеде 35 жастағы әйел адам мен 16 жастағы баласын аяусыз өлтірген күдікті тергеу изоляторының әжетханасында асылып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Massaget.kz тілшісіне Ақтөбенің қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері растады.

Жантүршігерлік оқиға 29 мамырда Ақтөбеде болған еді. Оқиға қаладағы Жеңіс даңғылында №30 үйде болған. Күдікті 35 жастағы әйел адам мен 16 жастағы баласын аяусыз өлтірген. Марқұмның 13 жастағы қызы да ауыр жарақат алған. Ол жедел ауруханаға жеткізіліп, артынша операция жасалды.

Ақтөбенің қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, тергеу-қамауға алынған адамды түнде мекеме қызметкерлері тапты. Кезекші ауысыммен дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қабылданған шараларға қарамастан, күдіктіні құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы күдіктінің қайтыс болғанын анықтады.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген.

"Оқиға сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, ҚР ҚК 105-бабы бойынша соталды тергеу басталды (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу). Қазіргі уақытта облыстық Департаменттің қызметкерлері қызметтік тексеру тағайындады, оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады", – деді департамент өкілдері.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир