Ақша бопсалаумен айналысқан күдікті қолға түсті

Фото видеодан алынды
Фото видеодан алынды
Ер адам қамауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Шымкент-Самара» тас жолында ақша бопсалаумен айналысқан күдікті қолға түсті. Полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған 28 жастағы азамат бұған дейін де осындай қылмыс жасаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елді тонап, заңсыз қару сақтағаны үшін сотталған. Ал бұл жолы ол құрылыспен айналысатын танысынан 1 миллион теңге бопсалап, оның BMW маркалы көлігін тартып алыпты. Заңсыз әрекетке барған күдікті сотқа дейін қамауда отырады.

– Қазіргі уақытта полицейлер бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы, сондай-ақ ер адамның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр, – деді Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғалымбек Тұрысбеков.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында «Qnet» қаржы пирамидасына 25 азамат шағымданған

Новости партнеров