|
15.10.2021 | 13:44
2348

Асханадан садақа жәшігін ұрлап кеткен әйел ұсталды

Садақа жәшігі қайырымдылық ұйымдарының біріне тиесілі екені анықталды

Асханадан садақа жәшігін ұрлап кеткен әйел ұсталды polisia.kz

Алматыда асханадан садақа жәшігін ұрлап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдің жәшікті ұрлап бара жатқан кезі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы тұрғын ұсталды. Оның асханаға кіргені белгілі болды. Әкімшімен сөйлескенде, ол ақша жинауға арнап орнатылған қорапқа назар аударған. Оның іс-әрекетін ешкім бақыламайтынын пайдаланып, ол қолма-қол ақшаны ұрлап кеткен», – дейді Алмалы аудандық ПБ бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Садақа жәшігі қайырымдылық ұйымдарының біріне тиесілі екені анықталды.

Айта кетейік, әйел бұған дейін осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет жауапқа тартылған екен. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир