Қарағанды облысында заңсыз киік атумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

жедел түсірілім
жедел түсірілім
Олар заңсыз тауарды Қытайға жөнелту мақсатында оңтүстік өңірге сатып отырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында заңсыз киік атумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Браконьерлерден қызыл кітапқа енген жануарлардың 700-ден астам мүйізі тәркіленді.  Олар заңсыз тауарды Қытайға жөнелту мақсатында оңтүстік өңірге сатып отырған. Мүйіздің әр келісін 100 мың теңгеге дейін бағалапты. Қазір бұған қатысты іс қозғалып, күдіктілер 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.

«Қазір полиция қызметкерлерімен 6 тінту жұмыс жүргізіліп, қылмыстық топтың 3 мүшесі ұсталып, қалған үшеуіне іздеу жарияланды. Сондай-ақ күдіктілерден таразы, пышақ, тіркелмеген қару және автомото тәркіленіп алынды», – деді Полиция департаменті КПБ бастығының орынбасары Аслан Өскенбаев.

Новости партнеров