Қаңтар қасіреті: қамаудағы 6 адам қайтыс болған

zebra-tv.ru
zebra-tv.ru
6 адамның екеуі Алматыда, үшеуі Шығыс Қазақстан облысында және бір адам Талдықорғанда қайтыс болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаңтар оқиғасына қатысты уақытша ұстау изоляторында отырған 6 адам көз жұмды. Бұл туралы Бас прокуратураның өкілі Ризабек Ожаров «Казахстанская правда» басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Белгілі болғандай, 6 адамның екеуі Алматыда, үшеуі Шығыс Қазақстан облысында және бір адам Талдықорғанда қайтыс болған.  

«Жақында ғана тергеу барысында рұқсат етілмеген әдістерді қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерді қабылдадық. Бұған дейін оларды тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары айналысқан. Бізге мұндай істердің барлығы берілмеді, тек ауыр зардап келген, нақты айтсақ, ұсталғандардың өлімі тіркелген жағдайлар берілді», - деді ҚР Бас прокуратурасы арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров.

Новости партнеров