|
27.11.2023 | 13:45
581

Zam Zam Qazaqstan туристік компаниясының басшысы ұсталды

Діни басқарма негізсіз жабылған жала деп, сотқа жүгінген болатын

Zam Zam Qazaqstan туристік компаниясының басшысы ұсталды Almaty.tv

Мүфтиятпен араздасқан Zam Zam Qazaqstan туристік компаниясының басшысы ұсталды. Ол «Сауд Арабиясына аттанған қажыларды алдады» деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ІІМ мәліметінше, алаяқтық дерегі бойынша іс қозғалып отыр. Ұсталған азамат соттың санкциясымен қамауға алынған.

– Zam Zam Qazaqstan туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді. Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайтты құру фактісі анықталды, – деді ҚР ІІМ Тергеу департаменті басқарма бастығының орынбасары Балабек Бекболатов.

Жазда Меккеге аттанған бір топ адам шетелге жеткенде қиындыққа тап болды. Арасында қарттар да бар еді. Бес парыздың бірін орындауға барғандардың біразы құлшылық жасау былай тұрсын, мешіт маңына да жолай алмаған. Осылайша оларға қажылық сапарын ұйымдастырғандардың басы дауға қалған болатын. Сол кезде Діни басқарма қазақстандықтарды шетелге жібергендердің лицензиясы жоғын мәлімдеп, бұл әрекет қажыларға жасалған қиянат деп шағымданған еді. Ал туристік компанияның директоры мүфтиятты пара алды деп айыптады. Ал Діни басқарма негізсіз жабылған жала деп, сотқа жүгінген болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир