Елорда әуежайында пара бермек болған күдікті ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Тауардың жалпы құны – 57 млн теңге
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елорда әуежайында контрабандалық тауар үшін пара бермек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол Түркиядан зергерлік бұйымдарды заңсыз жолмен елге әкеп, саудаламақ болған. Тауардың жалпы құны – 57 млн теңге. Қаржы мониторингі департаментінің ақпарынша, қазір аталған іске қатысты тергеп-тексеру басталған. Күдіктілер 2 айға қамауға алынды.

– Аталған азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды адамға 860 мың теңге пара берген. Сот күдіктілерге 2 айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Елімізде адам ағзасын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Новости партнеров