Елімізде адам ағзасын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олардың құрамында медицина қызметкерлері мен заңгер де болған. Күш құрылымдары өткізген операция кезінде жалпы 22 адам қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Адам шошитын әрекетке барған топ мүшелері жоспарға сай әрекет етіп келген. Бірі клиент іздеуге, екіншісі донор табуға, ал келесісі құжат жағын реттеуге жауапты болған. Келісім сомасы 6 мен 10 миллион теңге аралығын құрапты. Полицейлер адам органын саудалау қылмысына қатысты 8 деректі анықтап, негізгі деген 3 ұйымдастырушыны қамауға алды.
– Қазақстанның 5 өңірінде күдіктілерді тұрғылықты жері бойынша Қонаев қаласының соты санкциялаған тінту жүргізілді. Бұл факт полицияда ҚР ҚК 4-тармағының 116-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді, – деді Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр.
Оқи отырыңыз: Полицейді шәйнекпен ұрған азамат бас бостандығынан айырылуы мүмкін