Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Almaty.tv
Сот үкімді бүгін оқыды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімді бүгін оқыды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін прокурор оны мүлкін тәркілемей 8 жылға қамауды сұраған болатын. Алайда сот Сатыбалдыны кінәлі деп танып, қылмыстар жиынтығы бойынша 7 жылға темір торға қамау шешімін шығарды. Ал жәбірленушілер 12 миллиард теңгеге жуық ақшаны қайтаруды талап етті. Олардың арасында белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен Айгүл Мекешева да бар. Гүлмира Сатыбалды Алагөзовке моральдық зиянды өтеу үшін 1 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар, кәсіпкер Сатыбалдыдан 6 жарым миллиард теңге өндіріп алды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.11.2026 08:10
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
24.11.2026 10:10
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
24.11.2026 14:31
Алматыда кондитерлік фабрикаға арналған арт-нысан орнатылды
24.11.2026 11:01