|
03.04.2023 | 13:48
2331

Оралда жас келіншек екі баласын сатып жіберген

Балалар саудалаумен айналысқан Қарақалпақстан Республикасының 31 жастағы тұрғыны ұсталды

Оралда жас келіншек екі баласын сатып жіберген azattyq-ruhy.kz

Қарақалпақстан азаматы 3 жасар қызын 1 миллион теңгеге сатып жіберген. Полицейлердің айтуынша, безбүйрек ана қызын Орал қаласының ерлі-зайыптыларына саудалаған екен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір 31 жастағы күдікті ұсталыпты. Ол бірінші баласын да сатып жіберген екен.

«Алғашқы факт 2018 жылдың маусым айында тіркелді. Ол кезде бұл кісі Атыраудағы ерлі-зайыптыларға шақалақты сатып жіберген. Кейін олар баланы заңсыз жолмен асырап алмақшы болған. Ал 2022 жылдың желтоқсанында 1 миллион теңгеге қызын сатқан», – деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетова.

ІІМ мәліметінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, адам саудасына қарсы күресті күшейту үшін заң жобасы дайындалып жатыр. Ол құжатта аталған қылмыстың алдын алу мақсатында халықаралық талаптар қарастырылған. Адам саудасымен күресте жеке компанияларды жұмылдыру мен жауапты органдардың құзырын кеңейту көзделіпті.  Қазір бұл заң жобасы Парламенттің қарауында, жоспар бойынша сәуір айында заң қабылдануы керек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир