|
14.04.2023 | 13:53
1667

Жамбыл облысында ірі көлемде трамадол сақтаған адам қолға түсті

Психотроптық заттар түгелдей тәркіленіп, тергеу жұмысы басталды

Жамбыл облысында ірі көлемде трамадол сақтаған адам қолға түсті Almaty.tv

Жамбыл облысында ірі көлемде трамадол сақтаған адам қолға түсті. Ұсталған 53 жастағы азамат есірткі тізіміне енген дәріні үйінде жасырып келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тінту кезінде жатын бөлмесінен 3430 дана трамадолдан бөлек, 90 дана самнол, 138 дана тропикамид табылған. Психотроптық заттар түгелдей тәркіленіп, тергеу жұмысы басталды. Полиция департаментінің хабарлауынша, трамадол есірткі деп танылғаннан бері ірі көлемде алғаш рет тәркіленіп отыр.

«Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі, «аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталған адам өз кінәсін толық мойындады. Күдіктіге 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир