Қарағанды облысында бассейн құрылысына бөлінген 130 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған кәсіпкер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол балаларға арналған спорт кешеніне бөлінген бюджеттің ақшасын өзіне қарасты кәсіпорындарға аударып, жалған құжат жасаумен айналысқан. Аталған заң бұзушылықты Қаржылық мониторинг агенттігі әшкерелеп, ақшаны қолды қылған азаматқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Қазір күдікті сот шешімімен үйқамаққа алынды.
– Әлеуметтік маңызы бар нысан құрылысын бақылаған азамат орындалған жұмыстың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдарының қаражатын өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа да кәсіпорындардың атына аударған. Кешенді құрылысы-экономикалық соты мен экономикалық сот сараптамаларының қорытындысына сәйкес, мемлекетке орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 млн теңгеден астам залал келген, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Алакөлде зардап шеккен Баян Мамышеваның туыстары көпшіліктен көмек сұрайды