Ауруханада төбелес шығарған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
стоп-кадр
Ол өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, кіреберіс есікті қиратқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Атың шықпаса, жер өрте!» Алматы ауруханаларының бірінде мас күйдегі ер адам төбелес шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Оқиға кеше түнгі сағат 1.00 шамасында қалалық жедел жәрдем ғимаратында болды.
Масаң күйдегі азамат полиция қызметкерлеріне дөрекілік көрсеткен. Ең сорақысы, ол әкесін генерал-лейтенант, ал өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, кіреберіс есікті қиратқан.
Қазір 24 жастағы жігіт бұзақылық көрсеткені үшін Алмалы аудандық полиция басқармасында жауапқа тартылуда. Ал қалалық Полиция департаменті ол азаматтың Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлап отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30