Алматыда тәртіпсіздік кезінде құрылыс дүкенін тонаған ер адам ұсталды
Рolisia
Оның жеке көлігін тінту кезінде тонау нәтижесінде ұрланған құрылыс материалдары мен құралдар табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде құрылыс дүкенін тонаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әуезов аудандық полиция басқармасы мәліметінше, 41 жастағы азамат ірі құрылыс супермаркетін тонауға қатысқан. Күдікті жауап алу кезінде бұл фактіні мойындады. Оның жеке көлігін тінту кезінде тонау нәтижесінде ұрланған құрылыс материалдары мен құралдар табылды.
Айғақты заттар тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Бұған дейін Алматының қақ ортасында қару ұстаған 2 ер адам ұсталған. Олардың қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысқаны белгілі болды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34